ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ КОМПАРАТИВТЕРДІҢ СТИЛИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

  • Қасымова А.А. Автор

Кілт сөздер:

фразеологиялық компаративтер, эстетикалық, эмоциональды-экспрессивтілік, анафора, эпифора, аллитерация, ассонанс

Аңдатпа

Мақалада көркем шығармалардағы фразеологиялық компаративтердің өзіндік ерекшеліктері мен зерттеуші тіл мамандарының компаратив ұғымына берілген түсініктері талданады. Сондай-ақ, экспрессивтілік категориясының мәселелерімен қатар, эмоционалды-экспрессивтіліктің фразеологиялық компаративтерге де тән екендігі сараланған. Авторлар М.Мағауин шығармалары негізінде жағымды, жағымсыз және бейтарап мәнді эмоциональды-экспрессивті фразеологиялық компаративтерге талдау жасаған. Фразеологиялық компаративтердің қолданылу амалдары да назардан тыс қалмай, қаламгердің жалпыхалықтық тілдің фразеологиясын өз қалпында қолданғандығы және жаңғыртып қолданғандығы да арнайы сөз етіледі. Мақалада фразеологиялық компаративтердің ассоциациялық аялары мен оған тән дыбыс әуезділігі де мысалдар негізінде қарастырылған.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-10

Журналдың саны

Бөлім

Статьи