ӘСЕТ НАЙМАНБАЙҰЛЫ ЖҰМБАҚ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ СИПАТЫ

Авторлар

  • Аитова Ж.Ж. Автор

Аңдатпа

Қазақ әдебиеті тарихында қаламгердің шығармаларының тақырыптық, мазмұндық, идеялық және әдеби-көркемдік қырларын саралап, әдеби-ғылыми айналымға енгізу әдебиеттану ғылымында ешқашан өзектілігін жоймайтын мәселелердің қатарынан табылады. Сол себепті де, Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі, әдебиет тарихында өміршең өлеңдерімен, арнау-айтыстары және қисса-дастандарымен орны алатын Әсет Найманбайұлының жұмбақ өлеңдерін зерделеу қазақ поэзиясының жанрлық қырларын аша түседі.

Ғылыми мақалада ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы тоғыспалы кезеңде өмір сүрген ақын Әсет Найманбайұлының жұмбақ өлеңдері сараланып, зерттеледі. Ақын туындыларының текстологиялық мәселелері, поэтикалық өрнегі, халықтық сипаты мен танымдық-тәрбиелік рөлі айқындалып, сараланады. Мақалада Әсет ақынның көне де, жаңа тұрпаттағы жанр арқылы ақын ел өмірінде орын алып жатқан саяси-әлеуметтік мәселелерді барша қырынан ашып танытуда үлкен поэтикалық қызметі өзі тұстас басқа да ақын туындыларымен салыстырыла талданады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-10

Журналдың саны

Бөлім

Статьи