ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ КОНЦЕПЦИЯЛАР МЕН КӨРКЕМДІК ІЗДЕНІСТЕР

Авторлар

  • Абдуллина А.Б. Автор

Кілт сөздер:

ұлттық концепция, ұлттық мінез, көркемдік ізденістер, көркем проза, ұлттық дүниетаным, ұлттық идея

Аңдатпа

Мақалада қазіргі қазақ әдебиетіндегі ұлттық концепциялар, көркемдік ізденістер тақырыптары қарастырылған. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі көркемдік ізденістер ұлттық идеяның көріністерімен байланысты. Соның ішінде ұлттық концепция ретінде «ұлттық мінез» мәселесі жан-жақты қарастырылды. «Ұлттық мінез» түсінігінің көркем прозада берілуі автордың ұлттық дүниетанымына байланысты. Қазіргі қазақ прозасындағы көркемдік ізденістер ұлттық дүниетанымдағы өзекті идеялармен байланысты. Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасында ұлттық концепциялар қайта жаңғырып, негізгі арна ұлттық мінез, күй өнері саналады.

Зерттеуде қазіргі қазақ прозасындағы ұлттық концепцияның бүгінгі бағдары, көркемдік ізденістердің арнасы тарихи-типологиялық әдісі, нарративті әдіс негізінде анықталған. Бүгінгі қазақ прозасындағы өзгерістер ұлттық концепцияларда көрінеді. Қазіргі қазақ прозасында ұлттық концепциялар қаламгерлердің көркемдік ізденісіне, шеберлігіне әсер етеді. Атап айтар болсақ, туған жер, діл, тіл жайлы қалыптасқан ұлттық таным жазушылардың шығармашылығында маңызды саналады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-10

Журналдың саны

Бөлім

Статьи