КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫҢ ПОЭТИКАЛЫҚ АРҚАУЫ

Авторлар

  • Доскеева Ш.А. Автор

Кілт сөздер:

Түйін сөздер. Эпитет, авторлық қолданыс, көркем шығарма, тұрақты эпитет, поэтикалық эпитет, поэтика.

Аңдатпа

Аңдатпа. Көркем әдебиетте эпитеттің маңызы жоғары. Өмір құбылысын суреттеуде әдеби шығарманың тірегі ретінде эпитеттер саналады. Зерттеуші Қ. Жұмалиев «Әдебиет теориясы» еңбегінде эпитетті адамның, табиғат құбылыстарының немесе заттың бөлек, ерекше қасиеттерін анықтау көрсету үшін, ой-қиялға әсер ету мақсатында қолданылатын көркемдік құрал екенін айтады. Сонымен бірге, қаламгердің эпитетті жайдан жай қолдана салмайтынын, белгілі бір мақсатты көздейтінін, солай қолданылған эпитеттер суреттелінген нәрсеге деген қатынасын көрсетеді. Сонымен бірге шығармада эпитеттердің мағынасына қарай өзгеретініне де баса назар аударуымыз керек. Эпитет жайында алғаш болып пікір білдірген А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұмалиев, З. Ахметов, З. Қабдолов, Р. Сыздық, Қ. Өміралиев, Г. Мұханбетқалиева сынды зерттеушілер көркем туындыдағы эпитеттің авторлық қолданысы арқылы шығарманың негізіне айналатынын анықтады. Солай, эпитеттер тілімізде тұрақты және еркін деп ажыратылады. Яки поэтикалық және тілдік болып та анықталады. Тілдік, яки тұрақты эпитет тілдегі қалыптастқан тіркестер анықталса, еркін, поэтикалық эпитет автордың жеке қалыптастырған тіркестері анықталады. Сонымен бірге, эпитеттер субстантивті және адъективті болып жасалуына қарай ажыратылады. Субстантивті эпитеттер зат есім сөздерден жасалса, адъективті эпитеттер қатыстық, сапалық сын есімдерден жасалады. Әдебиеттің негізгі құралы ретінде эпитеттердің сөз қолданысын қалыптастыруда, кейіпкерлер әлемін танытуда рөлі жоғары. Осы негізден қазақ тілінде қалыптасқан эпитеттерден бөлек, Р. Отарбай шығармашылығындағы эпитеттер қызметі саралана келіп, авторлық қолданыс аясында қолданылып, жағымды және жағымсыз образ, портрет, деталь жасалуында негізгі қызмет атқарғаны анықталды.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-10