ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ТАУ АРХЕТИПІ
Кілт сөздер:
архетип, тау, әдебиет, тақырып, биіктік, бейнеАңдатпа
Мақалада архетип ұғымы және қазақ әдебиетіндегі архетиптер қарастырылған. Тау архетипі талданып, қазақ поэзиясы мен проза жанрындағы шығармалар талданып, архетип бейнесі көрсетілген. Ауыз әдебиеті кезеңінен басталған халық ертегілеріндегі тау бейнесі сонымен қатар Мұқағали Мақатаев, Мұхтар Әуезов, Қабдеш Жұмаділов сынды қазақ әдебиеті алыптарының шығармаларындағы таудың архетиптік бейнесіне талдау жасалды. Жалпы архетип ұғымының ең басты белгілеріне уақыт пен кеңістік жататыны белгілі. Қазақ менталитетіндегі архетип түрлерін сөз қылғанда оның әр түрлі, көп салалы екендігін айтамыз. Бұның ішінде біз сөз қылатын «тау архетипі» сонау ауыз әдебиетінен бастау алып, бертінгі қазақ жазба әдебиетінде де көрініс береді. Тау архетипінің өзі адамзат пайда болған кезеңнен бастап қатаң табиғаттың кей құбылыстарынан қорғаныш іздейтін орын ғана емес, жаңа өмір бастауы мен жаңа дүниеге ашылатын жарықтың нышанын білдіретін сипатта болды. Әр халық өзінің мәдениетін дамытуға деген құлшыныстары оянғанда түпсана архетипке жиі оралып отырады. Атап айтсақ, соңғы жылдары еліміздің өнері мен мәдениетіндегі «ұлттық негіздерді жаңғырту» идеясы осымен сәйкес келеді. Ал, бұл өз кезегінде тәуелсіз еліміздегі заңды құбылыс.