ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРТУДЕ КЕЙС-СТАДИ ӘДІСІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Кілт сөздер:
коммуникация, технология, талдау, кейс-стади әдісі, қатысымдық технология, сөйлеу тілі, ауызша тілдік қатынасАңдатпа
Мақалада орыс тілді аудиторияларда қазақ тілін жаңа инновациялық технологиялар арқылы оқытудың тиімділігі туралы айтылады. Қазақ тілін оқытудың тиімді әдістерінің бірі ретінде кейс- стади әдісі қарастырылады. Кейс-стади технологиясының студенттердің ойлау-сөйлеу қабілеттерін арттыруға, өздігінен шешім шығару, топпен пікір алмасу, өз ойын толық дұрыс жеткізе алу, т.б. дағдыларын дамытуға ықпалы айқындалады. Сонымен қатар, мақалада кейс- стади әдісі кезеңдерінің қазақ тілін оқытудағы тиімді тұстары анықталған.
Зерттеу барысында материалдарды жинақтау, жүйелеу, тұжырымдау, талдау әдістері қолданылған. Қорытындыда автор кейс-стади әдісін қазақ тілінде қолданудың тиімділігі жоғары деп есептейді. Себебі, кейс-стади әдісі білім алушылардың тілдік қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіреді.
Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқытуда қолдануға болады.