ӘЛЕМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ «ТРИКСТЕР» АРХЕТИПІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Авторлар

  • Төлебаева Қ.Т., Тлеужанова А.М. Автор

Кілт сөздер:

архетип, трикстер, бейне, фольклор, көркем әдебиет

Аңдатпа

Бұл мақалада әлем және қазақ әдебиетіндегі трикестер архетипі зерттеледі. Бұл архетип феномені әлі күнге дейін әдебиеттану ғылымында өзекті болып отыр. Трикстер архетипінің мағынасы, түрлері, әдебиеттегі көрінісі сөз болады. Трикстердің кім екендігі, оның негізгі сипаттамалары анықталады. Зерттеу жүргізу барысында трикстердің теориялық аспектілерін зерделеуде шетел және қазақ архетип зерттеуші ғалымдарының К. Юнг, П. Радин, Д. Гаврилов, С. Қондыбай, А. Тайшанұлы, А. Қалиева т.б. пікірлері басшылыққа алынды.

Архетиптік теория әдебиеттануда маңызды рөл атқарады, себебі ол шығармалардың құрылымдық негізін, символдық мәнін және жалпы адамзаттық танымдағы қайталанатын бейнелерді зерттеуге мүмкіндік береді. Әдеби шығармаларда архетиптер сюжеттік желіні, кейіпкерлердің мінез-құлқын және мәтіндік символизмді қалыптастырады. Бұл теория әдебиеттің тарихи сабақтастығы мен мәдени байланыстарын анықтауға да ықпал етеді.

Трикстер архетип ретінде ең маңызды бейнелердің бірі болып табылады. Барлық халықтардың фольклорында, әдебиетінде бар және мәдениеттің барлық кезеңдеріне қатысып, ұжымдық сипат береді. Трикестер дегеніміз («trickster» ағылшын сөзі айлакер, құйтырқы т.б.) – мағынасында қолданылады.

Қоғамға, жалпыға ортақ заңға қарама-қарсы келетін іс-әрекеттер жасайтын, мифологиядағы, фольклордағы және көркем әдебиеттегі бейне немесе антропоморфты жануарлар. Трикстер көркем шығармаларда басты кейіпкердің жанындағы жанама кейіпкер де болып табылады. Сондықтан зерттеуге өзек болған трикстер тек өткеннің ғана емес қазіргі мәдени құндылықтар мен әлеуметтік мәселелерді зерттеуге көмектеседі.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-10

Журналдың саны

Бөлім

Статьи