ҚАЗАҚ ӘЙЕЛДЕР ПРОЗАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМНІҢ КӨРКЕМ БЕЙНЕСІ

Авторлар

  • Секей Ж. Автор

Кілт сөздер:

әйелдер прозасы, әлемнің көркем бейнесі, кейіпкер, гендерлік сәйкестік, әйел тағдыры, көркемдік тәсіл

Аңдатпа

Мақалада әйел қаламгерлерге тән шындықты қабылдау мен интерпретациялау ерекшеліктеріне баса назар аударылады. Жалпыадамзаттық мәселелерге әйелше қарайтын, әйел дүниетанымымен көз тастайтын әйел прозасының тамыр соғысын дөп табатын антропоцентристік аспектіде әлемнің көркем бейнесі талданады.

 Мақаланың мақсаты – әйел қаламгерлер туындыларында ұшырасатын көркемдік тәсілдерді анықтау. Автордың дүниетанымы мен сезімдік қабылдау тәжірибесі орын тепкен туындының бейнелі құрылымы мен тақырыбына гендерлік сәйкестік пен әлеуметтік рөлдердің әсері зерттеледі. Кейіпкердің ішкі жан-дүниесін бейнелеу ерекшеліктері, сондай-ақ табиғатқа, қоғамға және отбасына деген белгілі бір көркемдік кодты қалыптастырушы қатынастар зерделенеді. Әйел прозасындағы әлемнің көркем бейнесін зерттеу қаламгер қыздар туындыларындағы құндылықтарды анықтауға, осы әдеби құбылысты бейнелейтін жазушылардың құндылық иерархияларын, олардың әлем турасындағы білімдері мен оймақтай ойларының тұтас жүйесін модельдеуді қамтитын мәтінді аксиологиялық талдау деңгейіне шығуға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-10

Журналдың саны

Бөлім

Статьи