Ә. НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫ АРҚЫЛЫ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Кілт сөздер:
адалдық, адамгершілік, ұлттық құндылық, адамдық болмыс, ұлттық нақыш, үлгі-өсиет, нақылАңдатпа
Мақалада Ә.Нұршайықов шығармашылығындағы бейнелердің адамгершілік болмысы мен бітімі, мінез-құлқы, жеке қасиеттері, олардың шығармашылықтағы ізденісі, биік белестерге жету жолындағы әдеби-шығармашылық өсуі жан-жақты сипатталады. Автор шығармаларындағы кейіпкерлердің өмір жолының келешекте ұрпақтарға үлгі болатындай қасиеттерін әдеби көркем сөзбен өрнектеп жеткізе білу шеберлігі суреттеледі.
Сондай-ақ, Ә. Нұршайықов шығармалары арқылы оқырмандарына жалынды жастық шақтың қадір-қасиетін, бағалылығын танытатындығы, сол арқылы қаламгердің адамгершілік қасиеттер мен рухани қазынаны оқырманының жан дүниесіне терең бойлатып, әсемдікке құштарлығын арттырып, шынайы сүйіспеншілікті насихаттайтыны жайлы баяндалады. Поэтикалық амал-тәсілдерді қолданудағы жазушылық шеберлік пен суреткердің өзіндік стилі мен ұстанымы анықталып, қаламгердің өзіндік қолтаңбасы айқындалған.
Жазушының шығармашылық мұрасының табиғаты мен тағлымы, ондағы ақиқат жайттар мен жастар өмірінің жарқын сәулелі сәттері, көркемдік-рухани байлығының мән-маңызы ашылады.