«ЖАНДЫ-ЖАҚТЫ» СӨЗІНІҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Кілт сөздер:
Тірек сөздер: жанды-жақты, туысқан, ру, тап, шаңырақ, тоғыз.Аңдатпа
Аңдатпа. Мақалада белгілі бір ру-тайпаның өкіліне тән ерекше қасиеттерді шешендік сөз үлгілерінен, жыраулар толғауларынан, шежірелік еңбектерден, хабарламашылардан т.б. жинастырылған дереккөздердегі тұрақты тіркестерден байқастыруға болатыны қарастырылады. Ру-тайпаға, оның тармақтарына жататын адамдардың мінез-құлқын, жағымды-жағымсыз қасиетін бейнелеуде сол тап өкілінің бойындағы, мінезіндегі ерекшеліктер де көрініс береді. Мінезге байланысты туындаған тіркестерді қарастыруда байқағанымыз, олардың бірнеше сапада көрініс табуы, яғни бірде олардың аңқаулығын, қулығын, жуастығын, жомарттығын, жанды-жақтылығын, кәсібін т.б. танытатын болса, бірде қаталдығын, ұр да жық мінезділігін, сауатсыздығын, пайдакүнемдігін, берекесіздігін, сараңдығын және т.б. осал тұстарын аңғартатындығы. Сондықтан бұл бөлімшедегі тұрақты тіркестерді жағымды мәндегі қазақы танымдағы «жанды- жақты» тілдік бірлігі арқылы этнолингвистикалық аспектіде қарастырамыз.