«COVID-19» ІНДЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ЖАРИЯЛАНҒАН МАҚАЛАЛАРДЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

Авторлар

  • Донбаева А.Б., Айдынқызы А. Автор

Кілт сөздер:

Тірек сөздер: індет, мақала, синтасистік құрылымдар, стиль, мәтін.

Аңдатпа

Аңдатпа. «Сovid-19» індетіне қатысты жарияланған мақалалардың лингвистикалық сипаты қарастырылған. Мақалада індетке қатысты мақалалардың тілдік ерекшеліктері мен синтаксистік құрылымдардың қолданысы сараланады. Зерттеудің мақсаты - «Сovid-19» індетіне қатысты пайда болған тілдік бірліктер мен медициналдық терминдердің тілдегі көрінісін айқындау, індетке қатыстыв жарияланған мақалалардың стильдік ерекшеліктеріне талдау жасау. індетке қарсы күреске арналған публицистикалық мақалалар өзіндік стильдік сипаты және прагматикалық мақсаттарымен ерекшеленеді. Бұл аталған ерекшеліктердің қалыптасуына мақала стилінің ғана емес, мазмұны мен мағыналық жағының да ықпалы бар. Зерттеу барысында мәтіндегі сөйлемдердің синтаксистік құрылысына, стилистикалық құралдардың қолданысына талдау жасалды. Мақалада жүйелеу, жинақтау, стилистикалық талдау, тұжырымдау сияқты әдістер қолданылды. Зерттеу нәтижелерін «Қазақ тілінің стиистикасы», «Тіл мәдениеті» пәндерді оқытуда пайдалануға болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-10