ӘСЕТ АҚЫН ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ДАРАЛЫҚ СИПАТЫ

Авторлар

  • Аитова Ж.Ж. Автор

Кілт сөздер:

Тірек сөздер: ақын, стиль, поэтика, афоризм, мақал-мәтел, символ, фигура, эстетика.

Аңдатпа

Аңдатпа. Мақалада ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр аяғында өмір сүрген, жұмбақ айтыстың ерекше үлгісін көрсете білген, Абайдың ақын талантты шәкірттерінің бірі – ақиық ақын Әсет Найманбайұлы өлеңдерінің даралық, стилдік ерекшелігі талданады. Жекелеген қаламгердің стилдік ерекшелігі жайлы жаппай зерттеп, іргелі зерттеулер жүргізу – әдебиет теориясы мен тарихы үшін кезек күтірмейтін мәселелер.

Зерттеу мақалада Ә. Найманбайұлының өлеңдерін өзі тұстас басқа да ақындар шығармаларымен бірлікте ала отырып, көркемдік, стильдік ерекшеліктеріне арнайы назар аудардық. Сол арқылы Абайдың талантты шәкіртінің өзіне тән поэтикалық сипатының кейбір жақтарын ғылыми тұрғыдан тарамдап айтуға мүмкін туды. Атап айтар болсақ, мақалада ақынның өмір көріністерін өз тұстары сияқты құр баяндаудан гөрі көркемдендіре суреттеуге жиірек барғандығы; тілінің байлығы, саздық-әуендік және мақамдық бейнелігі мен түркі дидактизмі аясында аз сөзге көп мағына сыйдыра білушілік шеберлігі жан-жақты байыпталды.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-10