ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЗМ
Кілт сөздер:
Психологизм, поэзия, эмоция, образдылық, ішкі әлемАңдатпа
. Адамның ішкі әлемі мен тұлға дамуындағы шығармашылықтың психологиялық жай-күйі мен тебіренісі, эмоциялық реңкін анықтау мәселесі өзекті. Шығармашылыққа итермелеген өнер адамының болмысындағы қандай да бір құбылысты тануда және бейсаналы түрдегі эмоциялары мен оларды басқару не күресу әрекеттеріне мән бере отырып әлеуметтік қабылдау тұрғысындағы жайына мән беру. Тұрақты даму мен жаңашылдықты талап ететін бүгінгі күн дамуы да шығармашылықтың маңызын арттырып отыр. Кез-келген шығармашылық адамына өз әлеуетін қалай дамыту және пайдалану керектігін түсіну ол жеке тұлғалық та кәсіби де мақсаттарын игеруге итермелейді. Біздің қарастырып отырған ақындарымыздың да шығармашылық қолтаңбалары айқын өз оқырмандарын тапқан, бұқараның сұранысындағы шығармашылық иелері. Оларды оқырманмен табыстырып отырғаны де осы ішкі әлемі мен қоғамдық ортадағы тұлғалығы. Өмір мен өнердің шегіне байланған болмысты түсіну оқырман үшін кедергі келтірмейді. Керісінше өзінің ішкі дүниесімен астастырып іздегенін тапқандай күй кешеді. Жанына ем алып, жүрегін тыныштандырады.. Мақалада нақты ақындар өлеңдерінен мысалдар келтіріліп өзіндік ерекшеліктері, психологиялық, эмоционалды көңіл-күйлері сөз болады.