Журнал туралы

Мерзімді басылым – «Oyshyl» ғылыми журналы

Журналдың құрылтайшысы және баспагері: «Alikhan Bokeikhan University» ББМ.

Журнал 2024 жылдан бастап шығарылады.

Мерзімділігі: жылына 4 рет.

Жарияланым тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, түрік

Есепке қою туралы куәлік (№ KZ22VPY00092850, 17.05.2024 ж.), Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

Журналдың әзірленген және бекітілген мұқабасы мен титулдық беттері бар, онда редакциялық алқаның құрамы, редакциялық саясат, жарияланым этикасы және веб-сайт көрсетілген.

Журналдың мақсаты - қазіргі заманғы филология саласындағы ғылыми және қолданбалы қызмет нәтижелері мен озық технологияларды  қазақстандық және халықаралық қауымдастықтарда талқылау үшін теориялық және практикалық маңызы бар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жариялау  

Журналдың міндеттері:

- филология бойынша зерттеу нәтижелерін ұсыну;

- тиісті білім салаларында жоғары ғылыми стандарттарды сақтау мақсатында жетекші ғалымдарды, мамандарды рецензиялау үрдісіне тарту;

 - филология саласындағы әдіснамалық және теориялық әзірлемелер көрінісі;

- мақаланы редакциялық өңдеу кезеңін қысқартуға және журналға материалдарды берудің икемді кестесін қолдауға ұмтылу;

- қазақстандық ғалымдарды халықаралық ғылыми қоғамдастыққа кіріктіру;

- журналдың халықаралық деректер қорында және ашық электрондық ресурстарда болуын кеңейту;

- шетелдік оқырмандар үшін журналдың қолжетімділігін арттыру.

Тақырыптық бағыты: лингвистика, әдебиеттану, тіл және әдебиетті оқыту әдістемесі.