БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДА АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Ключевые слова:
Тірек сөздер: Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар, орфография, пунктуация, мультимедиа, грамматика, сауаттылық.Аннотация
Аңдатпа. Мақалада бүгінгі таңдағы білім беру үрдісінің тиімділігін арттыру мақсатында инновациялық білім беру технологияларын қолданудың талаптары мен әдіс-тәсілдері туралы айтылады. Жаһандану заманында негізгі міндет ол-білімді тиімді меңгеру. Сондықтанда қазақ тілін оқытуда да ақпараттық технологиялық құралдарды тиімді пайдалану қажеттігі туындады. Себебі, педагогтерден ақпараттық құралдарды сабақтарында пайдалануы талап етіледі. Бұл олардың да шығармашылық ізденіс пен өздерін-өздері дамытуына да тиімді әсер етеді.
Мақалада заманауи ақпараттық технологияларды қолдану әр оқушының білімін арттырудың тиімділігін арттыратындығы, сандық түрде жазылған ақпаратты пайдалану кезінде қажетті ақпаратты табуды жеңілдететіндігі туралы айтылады. Компьютердің көмегі арқылы қазақ тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияны қолдану жолдарын түсіндіреді. Сонымен қатар, ақпараттық технологияларды қолдану арқылы да оқушының сөздік қорын молайтып, сөйлеу грамматикасын қалыптастырып, орфографиялық, пунктуациялық қатесіз, сауатты жазып, дұрыс сөйлеуге, оқушының ой-өрісін кеңейтуге, шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасауға болатындығы айтылады.
Қазақ тілі сабағында тақырыптарды өту барысында қолданылатын порталдар мен сайттар туралы мәліметтер беріледі.